Ақтөбеде 19 жастағы жігітке найзағай түсіп, қаза тапты

Бүгін, 15:01 / Алуа Арман
istockphoto.com

22 маусым күні Мәртөк ауданында даладан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«19 жастағы жігіттің мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жас жігіт найзағай түскеннен көз жұмған», – деп хабарлады полиция.

Төтенше жағдайлар министрлігі өңір тұрғындарына найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салды. Ауа райы күрт нашарлаған жағдайда ашық жерде болудан аулақ болып, жеке тұрған ағаштардың астына жасырынбау және мүмкіндігінше қауіпсіз ғимараттардың ішінде болу қажет.

Тэгтер:

Найзағай Ақтөбе жас жігіт