«Құдайдан неге қорықпайсыңдар?»: Айгүл Иманбаева жан айқайын жеткізді

Бүгін, 12:57 / Алуа Арман

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде оқырманын алаңдатқан жазба жариялады. Өнер иесінің ауласынан ине қадалған қуыршақтар мен фотосуреттер табылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің сөзінше, мұндай жағдай бір жылдан астам уақыт бойы қайталанып келеді. Сондай-ақ ол бұл әрекетті кім ұйымдастырып жүргенін білетінін меңзеп, жан айқайын жеткізді.

«Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін. Құдайдан неге қорықпайсыңдар? Мұның бәрін кім жасап жатқанына дейін біліп отырмын ғой», – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Қазір әншінің оқырмандары жазбаға бей-жай қарамай, жылы тілектерін жолдап жатыр.

Тэгтер:

Айгүл Иманбаева