«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында абаттандыру қағидаларының сақталуына бақылау күшейтілді

Бүгін, 09:45 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысы прокуратурасы органдарының үйлестіруімен халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығы, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы талаптарды сақтау, жасыл желектерді қорғау және экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар облыс аумағында жүргізілген рейдтер барысында 30-дан астам заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды, олардың ішінде демалыс аймақтары мен мәдени ескерткіштер аумақтарындағы үйінділер де бар.

Ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың және қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастаудың үш жүзден астам фактісі тіркелді.

Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі шаралар да қолданылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жамбыл облысының аумағын абаттандыру және тазалықты сақтау жұмыстары тұрақты негізде жалғасын табатын болады.

Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды республикалық экологиялық акция. Жоба қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және ұлттық экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Тэгтер:

Жамбыл облысы Таза Қазақстан