Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында Өзбекстан командасын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz.
K тобының екінші турындағы кездесу АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы "NRG Stadium" стадионында өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.
Бірінші таймда Португалия құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Криштиану Роналду дубль авторы атанды. Ол 6 және 39-минуттарда қарсылас қақпасын дәл көздеді. Бұл голдарға Жоау Канселу мен Бруну Фернандеш пас берді.
Тағы бір голды 17-минутта қорғаушы Нуну Мендеш айып добынан тікелей соққымен соқты.
Үзілістен кейін Өзбекстан қақпашысы Абдувохид Нематов 60-минутта автогол тіркеді. Ал матчтағы соңғы голды 87-минутта шабуылшы Рафаэль Леау соғып, қорытынды есепті 5:0 етті.
Осы дубльдің арқасында Роналду әлем чемпионаттары тарихындағы Португалия құрамасының ең үздік сұрмергені атанды. Ол бұған дейін 9 гол соққан Эйсебионың рекордын жаңартты.