Петропавл тұрғыны суға батып кетті

Бүгін, 15:26 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қайғылы оқиға Петропавл қаласындағы көлде болған. Қала тұрғыны шомылып жүріп батып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жазатайым оқиғаға қатысты Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті түсініктеме берді.

«21 маусым күні Петропавл қаласындағы Пестрое көлінде шомылу кезінде облыс орталығының 62 жастағы тұрғыны суға батып кетті. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тэгтер:

Петропавл Су батып кетті шомылу