Әлемдегі ең қатты айқайлайтын адам

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: Australian Broadcasting Corp. via AP

Аустралияның астанасы Канберрада тұратын Джозеф Макгрейл-Бейтап әлемдегі ең қатты айқайтын адам ретінде рекорд орнатты. Guinness World Records оның дауысының күші 122,4 децибелге жеткенін растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

58 жастағы Аустралия тұрғыны рекорд орнату кезінде Now (Қазір) сөзін айқайлап айтқан. Осылайша ол 1994 жылдан бері сақталып келген бұрынғы рекордты жаңартты. Бұған дейінгі көрсеткіш – 121,7 децибел – Солтүстік Ирландия тұрғынының көрсеткіші болатын.

Мамандардың айтуынша, 122 децибелден асатын дыбыс деңгейі бензин арасының, ұшақ қозғалтқышының немесе жақын жерден естілген жедел жәрдем сиренасының шуымен шамалас.

Джозеф Макгрейл-Бейтаптың айтуынша, мұндай рекордқа арнайы дайындалу мүмкін емес.

«Бір ғана сөзді айту үшін жеті рет әрекет жасауға тура келді. Даусым бірнеше күн бойы қарлығып қалды. Мұндай нәрсені жаттықтыру қиын, бірақ өте қызық тәжірибе болды», – дейді ол.

Макгрейл-Бейтап 2017 жылдан бері Canberra қаласының ресми жаршысы қызметін атқарады. Ол қоғамдық іс-шараларда, мектеп мерекелерінде және түрлі фестивальдерде хабарландырулар жасайды. Сонымен қатар ол Ancient and Honorable Guild of Australian Town Criers ұйымының мүшесі.

Бұл оның алғашқы әлемдік рекорды емес. 2019 жылы ол садақ атудан жылдамдық бойынша да рекорд орнатқан. Алайда тоғыз айдан кейін оның жетістігін жеті жастағы бала жаңартқан.

Аустралиялық рекорд иегері жаңа жетістігін ерекше мақтан тұтқанымен, өз рекордының ұзақ уақыт сақталуына аса мән бермейтінін айтты.

«Егер біреу менің рекордымды жаңартса, бұл тамаша нәрсе. Рекордтар жаңару үшін жасалады», – дейді Джозеф Макгрейл-Бейтап.

Тэгтер:

айқайлау Макгрейл-Бейтап