«Түріңді жинашы»:  Еркебұлан Тоқтар кинотеатрда болған жанжалға қатысты пікір білдірді

Бүгін, 14:27 / Алуа Арман
Ғаламтор

Белгілі спортшы әрі актер Еркебұлан Тоқтар кинотеатр күзетшісімен болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, оқиға «Бейшара» фильмінің премьерасында болған. Ол көрермендермен суретке түскеннен кейін залға кірмек болған. Бірақ артынан еріп келе жатқан інісі Орынтайды күзет қызметкерлері өткізбей қойған.

«Қайтадан барып, інімді алып кетпек болдым. «Жігіттер, өткізе салыңдаршы, менімен бірге жүр» дедім. Бәлкім, ішіндегі біреуіне менің түрім ұнамай қалған болар. Маған «Түріңді жинашы» деді, сол сөзі қатты тиді», – деді ол.

Жанжалға сол сөз себеп болғанын түсіндірді. Сондай-ақ, ол бұл жағдай арқылы хайп жасауды немесе фильмге қосымша назар аударуды мақсат етпегенін айтып, желіде тараған кейбір пікірлермен келіспейтінін жеткізді.

 

 

Тэгтер:

Актер Еркебұлан Тоқтар жанжал Кинотеатр фильм Премьера