Маңғыстауда пробация есебінде тұрған 106 адам жұмысқа орналастырылды

Бүгін, 09:42 / Алуа Арман
istockphoto.com

Маңғыстау облысының прокуратурасы пробация есебінде тұрған және түзеу мекемелерінен босатылған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және әлеуметтік қолдау, еңбекпен қамту мәселелері бойынша бірқатар жұмыс атқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Пробация және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, құрылған жұмыс тобымен есепте тұрған 859 тұлғалардың мекен жайлары тексеріліп, қайта құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндерме жұмыстары жүргізілді. 

Бөлінген квота бойынша 106 есептегі жұмысқа орналастырылды.  

Жұмыс топтардың күшімен есепте тұрғандарды қайта əлеуметтендіру үшін 17 млн теңге және 82 тұлға жалпы 10,2 млн теңге бір жолғы көмек берілді. 

Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында «НефтеПромСтройСервис» ЖШС және «АРС оқу орталығымен» өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. 

Нәтижесінде пробация есебінде тұрған 13 тұлға оқуға жолданды. 

Жүргізілген іс-шаралар есептегі тұлғалардың әлеуметтік бейімделуіне және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға оң әсерін тигізді.

Тэгтер:

Маңғыстау жұмыс прокуратура пробация