Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Президент Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алып, бірқатар адамның із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар халқына көңіл айтты.
"Осындай қиын сәтте Қазақстан Қатарға тілектестік білдіреді. Сондай-ақ адамдарды іздестіру және құтқару жұмыстарына қолдау көрсетеміз", – делінген жеделхатта.