"Осы қуанышты әкесі көрмей кетті": Марқұм актер Мұрат Бисембиннің қызы сүйінші хабарын айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 20:00 / Жамбыл Жайлау
SN.kz коллажы

Танымал актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Sn.kz мәліметінше, жақында ғана тұрмыс құрған ол жүкті екенін айтып, оқырмандарын қуантты.

"Сәбиімізді күтіп жүрміз", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, жас отбасыға ақ тілектерін арнады. Көпшілік оған аман-есен босанып, сәбиін бауырына басуды тіледі.

"Әттең, әкең көргенде ғой осы қуанышты", "Әкесі қуанып жатқан шығар", "Аман-есен қолыңа ал", "Құтты болсын", "Қандай күшті жаңалық" деп жазды оқырмандар.

Тэгтер:

Актер Мұрат Бисембин