Астанада күн +36 градусқа дейін ысиды

Бүгін, 17:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 23 маусым, сейсенбі күні Астана қаласына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін.

Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр, күндіз 9–14 метрге дейін күшейеді.

Ауа температурасы:

түнде +19...+21°C;

күндіз +34...+36°C болады.

 

 

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Күн ыстық