Таиландта із-түзсіз жоғалып кеткен рэпер, Кисло-Сладкий лақап атымен танымен Дархан Жұмабек аман-есен табылды. Бұл туралы режиссер Парасат Ибраев Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ибраев музыкантты іздеуге қатысып, оның жақындарына қолдау көрсеткен барлық азаматқа алғыс айтты.
«Осы күндері алаңдап, іздеп, ақпарат таратып, қолдау көрсеткен барша жанға алғысымыз шексіз. Дархан аман-есен табылды. Қазір – алып-қашпа әңгімеден гөрі, жақсы сөз айтып, қуанышқа ортақтасатын уақыт. Баршаңызға рақмет», – деп жазды ол.
Өнерпаз Пхукеттегі ауруханалардың бірінен табылған. Оның ауыр жарақат алмағаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін Парасат Ибраев рэпердің Таиландта жоғалып кеткенін хабарлап, оны іздеуге көмектесу үшін көші-қон полициясына жүгінген болатын.