Өскемен тұрғыны аялдамада көз жұмды

Бүгін, 17:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бүгін таңертең Өскемен қаласында, Абай мен Шәкәрім даңғылдарының қиылысындағы қоғамдық көлік аялдамасында ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сағат 06:45-те №16 жедел медициналық жәрдем бригадасынан 102 арнасына автобус аялдамасынан ер адамның табылғаны туралы хабар түсті», – деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, қайтыс болған адам – қала тұрғыны, 66 жастағы ер азамат.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі жүрек жеткіліксіздігі болған. Ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болған.

Тэгтер:

аялдама Өскемен