Биржада доллар бағасы түсті

Бүгін, 16:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 487,01 теңгені құрап, 1,17 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 22 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 488,37 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 487,11 теңге, ал сату бағамы 488,85 теңге.

Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 484 теңгеден сатып алып, 491 теңгеден сатып жатыр.

Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 487,28 теңгені, ал сату бағамы 489,3 теңгені құрайды.

Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша:

8 маусымда доллардың орташа сараланған бағамы 2,46 теңгеге төмендеді;

9 маусымда 5,12 теңгеге өсті;

10 маусымда 1,24 теңгеге төмендеді;

11 маусымда 0,8 теңгеге төмендеді;

12 маусымда 1,44 теңгеге өсті;

15 маусымда 2,04 теңгеге өсті;

16 маусымда 3,94 теңгеге төмендеді;

17 маусымда 2,16 теңгеге өсті;

18 маусымда 1,5 теңгеге төмендеді;

19 маусымда 0,64 теңгеге өсті.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам