Атырауда екі автобус соқтығысып, алты адам ауруханаға түсті

Бүгін, 14:53 / Алуа Арман
Фото: instagram.com/atyrauoil.official/

Жол-көлік оқиғасы 22 маусым күні таңертең Амандосов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың тежегіш жүйесі істен шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Yutong маркалы автобустың тежегіш жүйесі істен шығып, жол жиегінде тұрған дәл сондай маркалы екінші автобуспен соқтығысқан.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан алты жолаушы түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қажетті материалдар жиналып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Атырау Жол апаты Автобус