Астанада автобус пен локомотив соқтығысты (ВИДЕО)

22 маусым, 2026 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Астанадағы Лесозавод ауданында автобус пен пойыз соқтығысты. Апат теміржол өткеліндегі «Вагонозавод» аялдамасының маңында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Iveco» бағыттық автобусының жүргізушісі Тайбурыл көшесіндегі теміржол өткелі арқылы өтіп бара жатып, қозғалып келе жатқан локомотивке жол бермеген. Соққының әсерінен «Iveco» автобусы инерциямен қозғалып, кейін «Hyundai» автокөлігімен соқтығысқан», – делінген хабарламада.

Теміржол құрамымен соқтығысқанына қарамастан, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, мән-жайды анықтады.

Аталған факті бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Тэгтер:

Автобус апат локомотив