Ақтөбеде көлік өртенді: зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды

Бүгін, 21:47 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Ақтөбеде кеше жанармай құю бекетінің аумағында өрт шығып, салдарынан үш адам қаза тауып, бір адам зардап шекті. Дәрігерлер зардап шеккен азаматтың жағдайы туралы мәлімет берді.

Өрт кезінде жарақат алған адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, оның денесінің 45 пайызын күйік шалған. Соған қарамастан науқастың гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты күйде.

Сондай-ақ пациенттің есін білетіні хабарланды.

Науқас қажетті емнің толық көлемін алып жатыр және медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында, – деп мәлімдеді дәрігерлер.