Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жүлдесіне қол жеткізді.
Жүлде иегері Ирина Бакалдина болды. Қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы шпага сайысында чемпион атанды.
Бакалдина финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Гонконг өкілі Се Кэйлин Синь Янмен кездесті. Тартысты өткен бәсеке қазақстандық семсерлесушінің 15:12 есебімен жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, жартылай финалда Ирина Бакалдина командалық сайыстағы Олимпиада ойындарының жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Сон Се Раны (Оңтүстік Корея) жеңген болатын.
Еске сала кетейік, бір күн бұрын осы қару түрінен ерлер арасында Руслан Курбанов қола жүлдеге ие болған еді.