Айбек Оралбай Қытайдағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды

Бүгін, 18:22 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Қытайдағы әлем кубогының алтын медалін иеленді. Бұл туралы turkystan.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.

Аса ауыр салмақта ( 90 келіден жоғары) ел намысын қорғаған Айбек Оралбай финалда Германия боксшысы Никита Путиловпен жұдырықтастып, 5:0 есебімен жеңіске жеткен.

Ақтық сынға дейін Айбек 1/2 финалда бразиялық Жоел Рамостан 3:2, 1/4 финалда ағылшын боксшысы Мэтью Уильямстан 5:0, 1/8 финалда АҚШ өкілі Нажай Райттан 5:0 есебімен басым түскен.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогында бес алтын медаль жеңіп алды.