Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы әлем кубогі кезеңінде алтын медаль иеленді

Бүгін, 14:44 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Жүсіпов Үндістан өкілі Дипакты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы алтын медаль саны үшеуге жетті. Бұған дейін Назым Қызайбай (54 келіге дейін) мен Виктория Графеева (60 келіге дейін) финалдық жекпе-жектерінде жеңіске жеткен болатын.

Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) әлем кубогы кезеңін қола жүлдемен аяқтады.