«Жалғандағы жарығым сөнді»: Әнші Нұрлан Өнербаевтың анасы өмірден өтті

Бүгін, 22:26 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Қазақстанның халық әртісі Нұрлан Өнербаев анасының өмірден өткенін хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында анасына деген сағынышы мен қимастық сезімін жеткізді.

«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсыншы, анашым», – деп жазды ол.