Ақмола облысында жол апатынан екі адам зардап шекті

Бүгін, 21:44 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ақмола облысы Макинск қаласында жол апатынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқиға 19 маусым күні сағат 11:35-те болды.

"ВАЗ-2114 және Audi автокөліктері соқтығысқан. Апат салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі және Audi көлігінің 41 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді полициядағылар.

Адамдардың денсаулығына зиян келтіріп, жол ережесін бұзғаны үшін көлік тізгіндеу құқығы жоқ ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды.