Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Түркияда ұсталды

Бүгін, 12:51 / Нұрлан Әлинұр
Polisia.kz

Түркиядан Қазақстанға бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ішкі істер министрлігі интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.

"Күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген", - дейді полициядағылар.

Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетері, ол биыл жыл басында Атырау облысында бір отбасы жоғалып кеткенде өзінше "тергеу" жүргізген.

Геолокация, SIM-карта деректері мен қаржылық операциялар бойынша жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтап жатқанын айтты.

Кейін полиция "хакердің" тек тергеу органдарының қолында бұрыннан болған ақпаратты жариялағанын хабарлады.