Павлодар облысында көліктер соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 19 маусымда "Омбы – Майқапшағай" автожолында болған. Тас жолда Changan және Skoda Rapid маркалы көліктері соқтығысқан.
Салдарынан Skoda көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Екінші автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Автокөліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Тергеу жүріп жатыр.