Алматыда полиция көлігіне тас лақтырған әйел ұсталды (ВИДЕО)

Бүгін, 22:12 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Алматыда полицияның қызметтік көлігіне тас лақтырған әйел ұсталды. Оқиға куәгерлердің видеосына түсіп, кейін әлеуметтік желіде тараған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнежазбада ересек әйелдің тұрақта тұрған полиция көлігіне қарай тас лақтырып жатқанын көруге болады. Осы әрекетінен кейін тәртіп сақшылары оны ұстаған. Полицейлерді көрген әйел қашуға тырысқанымен, алысқа ұзай алмаған.

Алматы қалалық полиция департаменті құқық бұзушының жеке басы анықталғанын хабарлады.

"Әйелдің жеке басы анықталды. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды", – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция өкілдерінің айтуынша, әйелдің әрекеті түсініксіз болған. Оның психоэмоционалдық жағдайын тексеру үшін оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылған.

Тэгтер:

Алматы