Жас футболшы Дастан Сәтпаев бір күн бұрын "Қайрат" футбол клубымен қоштасса, енді алтын ұя мектебіндегі бітіру кешіне қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дарынды спортшы мектепті үздік аяқтаған оқушылардың бірі ретінде сахнаға шақырылған. Бұл туралы оның ұстаздары әлеуметтік желідегі парақшаларында мақтанышпен жазды.
Мектеп ұжымы Дастанның тек спорттағы емес, білімдегі жетістігін де ерекше атап өтті. Ұстаздардың сөзінше, биыл білім ордасынан «Алтын белгі» иегерлері мен үздік аттестат алған түлектер қанат қаққан.
"Мектебімізде білімді де талантты оқушылар көп. Биыл да "Алтын белгі" иегерлері мен үздік аттестат иелері үлкен өмірге қадам басты. Солардың бірі – біздің мақтанышымыз, талантты футболшы Дастан Сәтпаев. Осындай шәкірттердің болашағына куә болып, аттестатын табыстау – үлкен мәртебе", – деп жазды мектеп ұстазы.