"Маңдайыңа әдемі тағдыр жазсын": Сәкен Майғазиев немересіне ат қойды (ФОТО)

Бүгін, 20:06 / Жамбыл Жайлау
Malim.kz коллажы

Танымал әнші Сәкен Майғазиев жаңа туған немересіне есім беріп, қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарынан сүйінші сұрап, сәбиге Әдемі деген ат қойылғанын хабарлады, деп turkystan.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әншінің айтуынша, бұл есім жақындарымен ақылдаса отырып таңдалған. Сәкен Майғазиев немересінің өмірі де, тағдыры да әдемі болсын деген ниетпен осындай шешім қабылдағанын жеткізді.

"Белсенділік танытып, тілектес болғандарыңызға мың алғыс! Жақындарымызбен ақылдаса келе, қасиетті жұма күні, өзі де, өмірі де әдемі болсын деп, Алла тағала әдемі қарттыққа жеткізсін деген ниетпен немереміздің есімін Әдемі деп қойдық. Әдемі Әділетқызы, Алла тағала маңдайыңа әдемі тағдыр жазсын", – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Тэгтер:

әнші Сәкен Майғазиев