Алматы тауларында жарақат алған 16 жастағы велосипедші құтқарылды

Бүгін, 23:30 / Жамбыл Жайлау
shutterstock.com

Алматы тауларында велосипедпен серуендеп жүрген 16 жастағы жасөспірім басынан жарақат алды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 18 маусым күні Бұтақты өзені маңында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарақат алған жасөспірімге алғашқы болып сол аумақта патрульдеу жүргізіп жүрген ТЖМ-нің «Барыс» республикалық құтқару қызметінің мамандары көмекке келген. Олар бұл кезде Кіші Алматы ауданында кезекшілік атқарып жүрген.

Құтқарушылар оқиға орнында зардап шеккен балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін жасөспірім қосымша тексеру және ем алу үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.