Астанада грантқа түсіремін деп 111 адамды 72 млн теңгеге алдаған азамат сотталды

Бүгін, 22:48 / Жамбыл Жайлау
Davizro / Getty Images

Астанада білім беру грантын алып беремін деп ондаған адамды алдаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 111 азаматтан жалпы сомасы шамамен 70 миллион теңге алған, деп turkystan.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласының прокуратурасы білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ магистратура мен докторантураға түсуге көмектесемін деген заңсыз уәделерге байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы өзін білім беру саласында ықпалды таныстары бар адам ретінде көрсеткен. Ол азаматтарды оқуға түсу және грант алу мәселесін кепілді түрде шешіп беремін деп сендірген.

Оның сөзіне сенген жәбірленушілер қомақты қаражат берген. Алайда шын мәнінде ешқандай қызмет көрсетілмеген. Ал алынған ақшаны сотталушы өз қажетіне жаратып жіберген.

Қылмыстық әрекеттің салдарынан 111 адам зардап шеккен. Жалпы шығын көлемі шамамен 70 миллион теңгені құрады. Жәбірленушілердің басым бөлігіне келтірілген залал әлі өтелмеген.

Сотталушы кінәсін мойындағанымен, сот оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі 2026 жылғы 12 мамырда заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Астана Грант