Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданының прокуратурасы Тасқала ауданы білім бөлімінің «Мектептен тыс жұмыс орталығы» мемлекеттік кәсіпорынының есепшісі 9 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды.
Соттың 06.05.2026 жылғы үкімімен есепші 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 3 жылға материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды, қаражат бюджетке қайтарылды.
Үкім заңды күшіне енді.