Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Бүгін, 14:08 / Алуа Арман
istockphoto.com

18-20 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Тэгтер:

Черногория