Президент жаңа Ата Заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілгенін атап өтті

Бүгін, 12:50 / Алуа Арман
Ақорда

Бүгін – медицина қызметкерлерінің күні. Осы датаға орай Ақордада өткен салтанатты іс-шарада Мемлекет басшысы адам өмірін сақтау медицина мамандарының міндеті ғана емес, тұтас қоғамның жауапкершілігі екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мемлекетіміздің мызғымас тірегі – жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді. Біз ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық. Соған сәйкес Конституцияда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлыққа ұқыпты қарау қағидаттары айқындалды. Бұл адам өмірін сақтау медицина мамандарының міндеті ғана емес, тұтас қоғамның жауапкершілігі екенін көрсететін маңызды қадам болды», - деді Президент.

 

 

Тэгтер:

медицина қызметкері