Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жеке өмірі мен демалысына қатысты қоғамда қалыптасқан көзқарасқа пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның жазуынша, мұғалім тәулігіне 24 сағат бойы тек ұстаз ретінде өмір сүруге міндетті емес. Депутат қоғам осы қарапайым шындықты қабылдауы керек екенін айтты.
"Мұғалім 24 сағат бойы мұғалім емес. Осы қарапайым шындықты қабылдайтын уақыт жетті. Мұғалімнің бақытты, демалған және өз өміріне көңілі толатын болуы – балаларымызға қажет сапалы білімнің басты кепілі. Шаршаған, күйзелген ұстаз ешқашан сапалы білім бере алмайды", – деп жазды депутат.