"Еуропа дайын бол!": "Қайрат" жанкүйерлері Дастан Сәтпаевқа ерекше сый жасады (ВИДЕО)

Бүгін, 20:38 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

17 жастағы Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапындағы соңғы ойындарының бірін өткізіп жатыр. Осыған орай алматылық клубтың жанкүйерлері жас шабуылшыға ерекше құрмет көрсетіп, оған ризашылықтарын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Матч кезінде жанкүйерлер мінберден Дастан Сәтпаевтың суреті бейнеленген алып плакат жайды. Онда "Еуропа дайын бол! Қазақ баласы келеді" деген жазу болды.

Сондай-ақ "Қайрат" клубының президенті Қайрат Боранбаев та футболшыға ерекше ықылас танытты. Ол Сәтпаевқа клуб сапындағы 58-ойынының құрметіне 58-нөмірлі жейде табыстады.

Айта кетейік, бүгін алматылық "Қайрат" өз алаңында Петропавлдың "Қызылжар" командасына қарсы ойнап жатыр. Бұл кездесу Дастан Сәтпаевтың қазақстандық клуб сапындағы маңызды қоштасу матчтарының бірі саналады.

Осыдан кейін жас шабуылшы лондондық "Челси" клубына ресми түрде ауысып, мансабын Англияда жалғастырады.

Дастан Сәтпаев биыл 12 тамызда 18 жасқа толады.

Тэгтер:

Дастан Сәтпаев