"Менен озып кетсін": Димаш Құдайберген кішкентай сәбиге батасын беріп, ырымдап аузына түкірді (ВИДЕО)

Бүгін, 20:06 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің кішкентай сәбиді қолына алып, ақ батасын берген видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнежазбада өнер иесі бүлдіршінге жүрекжарды тілегін айтып, оның болашағына ақ жол тілейді. Әсіресе Димаштың "Менен де озып кетсін, бағы ашылсын!" деген сөзі көпшіліктің көңілінен шықты.

Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығы мен кең пейіліне тәнті болып, жылы пікірлерін жарыса жазуда. Олар мұндай ақ тілек әрбір балаға бұйырып, сәбидің болашағы жарқын болсын деген ниеттерін білдірді.

Қысқа уақыт ішінде видео әлеуметтік желілерде кең тарап, мыңдаған қаралым жинады. Көпшілік Димаштың балаға берген батасын ерекше әсермен қабылдап, бұл сәтті жүрекке жылы тиетін көрініс деп бағалады.

Тэгтер:

Димаш Құдайберген