26.06.2026: Әдемі датада неке қиюға өтініш қабылдау аяқталды

Бүгін, 14:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

2026 жылғы 26 маусым — ерекше әрі есте қаларлық күні неке қиюға өтініш қабылдау аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Азаматтарға арналған үкіметке» мәліметінше, ХҚКО 11 маусымда мемлекеттік тіркеуге өтініш қабылдауды аяқтаған.

«Дәстүр бойынша, сандардың ерекше үйлесімінен тұратын күндер болашақ жұбайлардың ерекше қызығушылығын тудырады. Ең жоғары белсенділікті Алматы тұрғындары көрсетті – 830 өтініш түсті. Астана тұрғындарынан 740 өтініш қабылданды. Ал Шымкент қаласында өтініштер саны 141-ге жетті», – делінген хабарламада.

Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарға осындай «әдемі» күнде некеге тұру тәртібін түсіндірген болатын. Күтпеген жағдайларға тап болмау үшін өтініш беру мерзімін алдын ала дұрыс есептеу қажет, өйткені неке мемлекеттік тіркеуден құжаттар тапсырылғаннан кейін кемінде 15 күнтізбелік күн өткен соң ғана өткізіледі.

Тэгтер:

махаббат ХҚКО неке неке қию жұп әдемі дата