Павлодарда блогердің сөмкесіндегі пауэрбанк жарылып, өзін күйік шалды (ВИДЕО)

16 маусым, 2026 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/dilyara_k11

Павлодарда блогердің сөмкесіндегі пауэрбанк жарылып, салдарынан ол күйік жарақатын алды. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Telegram-дағы "Криминальный Казахстан" арнасының мәліметінше, Диляра есімді блогер оқыс жағдай жаттығудан шығып бара жатқан кезде болғанын айтқан. Оның сөзінше, кенет сөмкесінен қою түтін шыға бастаған. Алайда ол мұны бірден байқамаған.

Блогер сөмкесін иығынан ала берген сәтте ішіндегі пауэрбанк жарылып кеткен. Сөмкеден шыққан жалын оны шарпып, басы мен қолын күйдірген.

Оқиға кезінде клуб қызметкерлері блогерге көмектесуге тырысқан. Дегенмен өртті тек сыртқа шыққаннан кейін ғана толық сөндіру мүмкін болған.

Дәрігерлер блогердің алған күйігін ауыр деп бағалап отыр. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен блогер ауруханаға жатудан бас тартқан.

Тэгтер:

Павлодар