Қытайда қуатты жер сілкінісі болды

Бүгін, 17:20 / Алуа Арман
istockphoto.com

Геофизикалық зерттеулер институтының жедел мәліметіне сәйкес, 16 маусым күні Астана уақытымен сағат 14:06-да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 37,88 градусы және шығыс бойлығының 95,65 градусы координаталарында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 6,3, ал энергетикалық класы – K=15,4 болды.

Қазіргі уақытта жер сілкінісі салдарынан қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Тэгтер:

Қытай Жер сілкінісі