Қытай университеттері 12 мыңнан астам ескірген мамандықты жапты

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: Xinhua

Қытай жоғары білім беру жүйесінде ауқымды реформаны бастап, кейінгі жылдары 12 200 бакалавриат бағдарламасын жапты немесе қабылдауды тоқтатты. Оның орнына жасанды интеллект, робототехника және деректерді талдау салаларындағы 10 200 жаңа бағдарлама ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz scmp.com-ға сілтеме жоқ.

Қытайдың Білім министрлігі келтірген мәліметке сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында елдегі барлық жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының 30 пайыздан астамы қайта қаралған.

Реформа аясында шетел тілдері, гуманитарлық ғылымдар, менеджмент және шығармашылық бағыттардағы бірқатар мамандықтар қысқартылуда. Билік олардың еңбек нарығындағы сұранысы төмендеп, экономиканың жаңа қажеттіліктеріне сәйкес келмейтінін алға тартады.

Ал жаңа бағдарламалар негізінен жасанды интеллект, робот техникасы, үлкен деректерді өңдеу, цифрлық технологиялар және басқа да жоғары технологиялық салаларға бағытталған.

Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – Қытайдың болашақ индустриялардағы жаһандық көшбасшылығын күшейту және түлектер арасындағы жұмыссыздық мәселесін азайту. Қазіргі таңда елде миллиондаған жас маман оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс табуда қиындық көріп отыр.

Қытай билігі жоғары білім жүйесін еңбек нарығының сұранысына барынша бейімдеу арқылы технологиялық бәсекелестікте артықшылыққа қол жеткізуді көздейді.

Тэгтер:

Қытай мамандық университет