Жамбыл облысында кәсіпорын 140 млн теңге салық төлемеген

Бүгін, 10:00 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысының Талас ауданы прокуратурасы салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талдау барысында аудандық көпбейінді орталық ауруханасы және ірі салық төлеуші кәсіпорынмен 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында нөлдік көрсеткішпен салықтық есептілікті тапсыру арқылы 1300 жұмысшының әлеуметтік және жеке табыс салықтары бюджетке төленуінен жалтару дерегін анықтады.

Талас ауданы прокуратурасымен енгізілген прокурорлық ықпал ету актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, мемлекетке 140 млн теңге салықтын төленуі қамтамасыз етілді.

Салық заңнамасының сақталуы және бюджеттің уақтылы толықтырылуы мәселелері аудан прокуратурасының ерекше бақылауында.

Тэгтер:

салық Жамбыл облысы Талас ауданы