Шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 08:30 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының жаңартылған бағамдары жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанада долларды сатып алу бағасы 487,03 теңге болса, сату бағамы 494,00 теңгені құрап отыр. Еуро 564,09 теңгеден қабылданып, 574,00 теңгеден сатылуда. Ресей рублі 6,40–6,70 теңге аралығында айырбасталса, қытай юані 68,98–74,02 теңге шегінде саудалануда.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың сатып алу бағасы 483,81 теңге, ал сату бағасы 491,51 теңге болып белгіленген. Еуро 568,65–573,73 теңге аралығында саудалануда. Рубль бағамы 6,50–6,62 теңге аралығын көрсетсе, юань 70,61–72,99 теңге деңгейінде айырбасталып жатыр.

Жалпы, теңгенің долларға қатысты нығаю үрдісі байқалады.