"Елімай" – "Ордабасы" матчында басы дауға қалған төреші 5 тәулікке қамауға алынды

Бүгін, 20:47 / Жамбыл Жайлау
ҚФФ

"Елімай" – "Ордабасы" матчын басқарған төреші Арман Исмұратов ойыннан кейін айтқан сөздері үшін Семей қаласының әкімшілік соты тарапынан жазаға тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қоғам белсендісі Серік Байғалиевтің мәліметінше, сот Исмұратовты бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.

"Құрметті жерлестер! "Елімай" футбол клубының өкілдері әкімшілік сот отырысы залынан шықты. Судья Қалиева үкімді жариялады: төреші Исмұратов бес тәулікке қамауға алынды. Абай жерінде мұндай әрекет жасауға болмайтынын бәрі түсінеді деп үміттенемін", – деді Байғалиев.

Еске салайық, "Ордабасы" 3:1 есебімен жеңіске жеткен матчтан кейін "Елімайдың" бас бапкері Андрей Карпович төреші тарапынан қоқан-лоқы болғанын мәлімдеген еді. Кейін бұл жағдай бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы расталған.

Тэгтер:

Арман Исмұратов