Өскеменде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тыйым салынған заттарды түзеу мекемесінің аумағына өткізу әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
№16 мекемені күзету қызметін атқару кезінде 6699 әскери бөлімінің бақылау қызметі взводының командирі мекеме қызметкерлерімен бірге тыйым салынған аймақты патрульдеу кезінде 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам тыйым салынған заттарды сыртқы қоршау арқылы өткізуге тырысқан.
Тексеру барысында ұсталған адамның түзеу мекемесінің аумағына 2 ұялы телефон өткізбек болғаны анықталды.
Тыйым салынған заттар оқиға орнында тәркіленді. Осы факт бойынша тиісті материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдардың қызметкерлеріне тапсырылды.