Ақмола облысында 1,8 млрд теңге тұратын жер телімі мемлекетке қайтарылды

15 маусым, 2026 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының прокуратурасы мемлекетке құны 1 млрд 800 млн теңге тұратын орман қорының жер учаскелерін қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұланды ауданы прокуратурасы туристік кластердің дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді шешу мақсатында орман заңнамасы талаптарының сақталуын тұрақты түрде талдап келеді.

Тексеру нәтижесінде орман пайдаланушылар мемлекеттік орман қорының жер учаскелерін мақсатты түрде — сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдаланбайтыны анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 1 млрд 800 млн теңге тұратын мемлекеттік орман қорының жерлері мемлекетке қайтарылды. Бұл учаскелер кейіннен туристік бизнесті ұйымдастыру үшін әлеуетті инвесторларға беру мақсатында қарастырылмақ.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Тэгтер:

Ақмола облысы жер телімі Жер учаскесі Орман Бұланды ауданы