Мемлекет басшысы асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын көрді. Бұл туралы Президент Телерадиокешені мәлім етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда құлындаған екі биенің төлін тамашалап, жаңа туған құлындарға Ақниет және Бөрте деген есім берді, — делінген хабарламада.
«Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген қазақы тәмсілді келтірген Президент жас арғымақтарға желмен жарысқан жүйрік болуын тіледі.