Текеліде көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Бүгін, 19:18 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Жетісу облысының Текелі қаласында күйеуін өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Отбасылық жанжал кезінде пышақ жарақатын алған ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түрде растады. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 10 маусымда болған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ерлі-зайыптылар арасында дастарқан басында туындаған тұрмыстық жанжал қайғылы жағдайға ұласқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.