Жаңалықтар

Елбасы Ассамблея мүшелеріне бір сырын ашып берді

ашық дереккөзі

Елбасы Ассамблея мүшелеріне бір сырын ашып берді

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көкейінде жүрген бір сырын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мен сан алуан адамдардың алдында сөз сөйлеймін, көп баяндама жасаймын. Бүгін бір нәрсені ашық айтқым келіп отыр. Шынымды айтсам, мен сіздердің алдында сөз сөйлеуді ұнатамын. Себебі сіздер, Ассамблея мүшелері, ең қайырымды тыңдармансыздар. Мен өзара үндестікті сезінемін. Сіздердің мені қолдап отырғандарыңызды сезіп отырамын. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын», - деді Назарбаев. Президенттің айтуынша, барлық концерттердің ішінен оған этномәдени бірлестіктердің концерттері ұнайды. «Әрине, бізде балет, опера бар. Біз оған ақырындап үйреніп келеміз. Дегенмен, оның барлығы - сырттан келген мәдениет. Ал халықтың өзінен шыққан рухани азыққа ештеңе жетпейді. Себебі ол әуен, ол музыка ана сүтімен дариды, табиғат пен жердің құдіретімен сіңеді. Сондықтан біздің Ассамблеямыз - Тәуелсіздігіміздің үлкен жетістігі деуге болады. Сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын», - деп атап көрсетті Назарбаев.