Жаңалықтар

"Сирия мен Ирактағы жағдайды соғыс арқылы реттеу мүмкін емес"

ашық дереккөзі

"Сирия мен Ирактағы жағдайды соғыс арқылы реттеу мүмкін емес"

«Ирактағы, Сүриядағы, Йемендегі жағдайларды әскер кіргізіп, соғыс арқылы шешу мүмкін емес» деді Иран қорғаныс министрі Хосейн Дехкан Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық қауіпсіздік конференциясында деп хабарлады «The Qazaq Times». Хосейн Декхандың айтуынша Ирак, Сүрия, Йемендегі саяси дағдарысты шешудің бір ғана жолы бар. Ол аталған мемлекет басшыларының ел ішінде ешқандай сыртқы күштердің қатысуынсыз келіссөз жүргізуі. Мұнымен қоса Мәскеудегі бас қосуда Хосейн Дехкан, Иран терроризммен күресте Сүрия мен Ресейді алдағы уақыттада қолдай беретінін айтқан. «The Qazaq Times»