Жетісу облысының Талдықорған қаласында үш жасар қызын өлімші етіп сабаған әкеге сот үкімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Үш жасар Ақжарқынды аяусыз соққыға жыққан ер адам сотталды. Қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған: дәрменсіз немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау және ұрып-соғу.
"Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтты. Алайда жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қылмысты мас күйінде жасағаны ескерілді. Сот үкімімен ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", – деді Жетісу облыстық соты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, 2 ақпанда Талдықорғанда жантүршігерлік оқиға болған. Үш жасар Ақжарқынды әкесі өлімші етіп соққыға жыққан.