Нобель сыйлығының иегері Мо Янь тұңғыш рет Қазақстанға келмек

Бүгін, 11:22 / Дана Ізтілеуова

Әлемге әйгілі қытай жазушысы, әдебиет аталымы бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Янь Қазақстанға алғаш рет келгелі отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жазушы ҚР Мәдениет ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен 22 маусым күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бас ғимаратында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас қаламгерлерге шеберлік дәрісін оқиды. 

Шығармалары әлем оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген Мо Янмен бірге Қытай Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы, аудармашы Әкбар Мәжит, Бейжің Тіл және Мәдениет университетінің профессоры, ғалым Лю Шицинь қазақ топырағына ат басын бұрады.

Аталған шаралар 2024 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағы мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің стратегиялық әріптестігі аясында жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсының аясында жүзеге асады.

Тэгтер:

Нобель сыйлығының иегері Мо Янь